Ағымдағы жылдың 12 қыркүйек күні М.Ломоносов атындағы мектеп- гимназиясында Түлкібас ауданының білім бөліміне қарасты барлық білім беру ұйымдарының мекеме басшыларымен кезектен тыс кеңес өткізілді. Түлкібас ауданының білім бөлімінің басшысы Ержан Қадырбек Изтайұлы жүргізіп отырды.
Барлық білім беру ұйымдарының мекеме басшыларымен өткен кеңесте Мектептің 2022-2027 жылдарға арналған даму бағдарламасы 5 жылға арналып жасалады. 6 бөлімнен тұратын бұл бағдарламаға: Мектеп қызметінің ағымдағы жағдайына сипаттама; Мектептің 2018-2023 жылдардағы білім беру жүйесінің жағдайына талдау; Мектептің миссиясы, мақсаттары мен міндеттері; Мектепті дамытудың басым бағыттары; Бағдарламаны іске асыру тетіктері; Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер жатады.
Сонымен бірге, Мектепішілік бақылауды ұйымдастыру бойынша түсінік хат, Басқару шешімдерінің матрицасы, Мектепішілік бақылау жоспарларының үлгілері жөнінде де жан-жақты сөз қозғалды.
Барлық білім беру ұйымдарының мекеме басшыларымен кезектен тыс кеңес соңында әр мекеме басшылары өз ойларын ортаға салып, көтерілген мәселе жөнінде өз тәжірибелерімен бөлісті.