Түлкібас: «Мектепке жол» акциясы аясында жәрмеңке өтті

Түлкібас ауданы білім бөлімінің басшысы Е.Кадырбектің ұйымдастыруымен аудандық мәдениет үйі алдындағы аллеяда «Жақсылықты жаса» ұранымен «Мектепке жол» акциясы аясында жәрмеңке өткізілді.

Акцияның мақсаты: аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезінде материалдық қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу.

Жәрмеңкеге жергілікті кәсіпкерлер оқу-құралдарын, мектеп формасын, мектепке қажетті құрал-жабдықтарды тұтынушыларға жеңілдікпен ұсынды. Жәрмеңкеге «Алатау текстиль», ИП «Сабыров», ИП «Алтынбеков», «Заря» Отандық өнім Балалар аяқ киімі және Түлкібас ауданының сауда орталықтарының саудагерлері өз заттарын көпшілікке ұсынды.

Осы аталған акция аясында ауданымыздың белсенді азаматтары яғни демеушілер есебінен 500-ге жуық оқушыға мектеп формасы мен оқу-құрал жабдықтары табысталып, балаларға қуаныш сыйлады. Жомарт жандар бастаған бұл қайырымдылық іс-шара талай бүлдіршіндерді қуантары сөзсіз.

Ұқсас жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар