Түлкібастағы білім мекемелерінде оқыс жағдайда іс-қимыл әрекеттерінің алгоритмі бойынша оқу-жаттығуы өткізілді

Түлкібас ауданының білім бөліміне қарасты Ю.Гагарин атындағы жалпы білім беретін мектебінде білім бөлімінің тарих және география пәнінің әдіскері Д.Уразбаевтың ұйымдастыруымен «Террористік актісі орын алған жағдайда немесе күдікті зат табылған жағдайда» іс-қимыл әрекеттерінің алгоритмы бойынша оқу –жаттығу өткізілді.

Мектеп қабырғасында бірінші қабаттың дәлізінде белгісіз зат байқалды. Күдікті затқа жақындамай, адамдарды тез арада қауіпсіз жерге эвакуация жасалды. Белгісіз зат оқшауланды.

Мектеп директоры Г.А.Теньгибаева аудандық білім бөліміне ,101 , 102,103 байланыс нөмірлеріне қоңырау шалып, хабар берді.

Белгісіз зат құзіретті органға тапсырылды.

Іс-шараға Аудандық ішкі істер бөлімі, Аудандық төтенше жағдай бөлімі және Аудандық жедел жәрдем қызметкерлері қатысты. Осындай террористік шаралардың алдын алу және күдікті зат табылған жағдайдағы іс қимыл бойынша оқу-жаттығулары барлық білім беру ұйымдарында өткізілді.

Ұқсас жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар