Ағымдағы жылдың 28 қыркүйек күні Түлкібас ауданының білім бөліміне қарасты Абай атындағы мектеп-лицейінде «Жаңа күн — Жаңа Қазақстан!» тақырыбында «Жас ақындар — импровизаторы» байқауы болып өтті.
Айтысты алға тартып, қазақ тілі мен әдебиеті бірлестік ұстаздары дәріс беретін сыныптарындағы оқушыларын айтыс өнеріне баулып, бар шеберліктерін ортаға сала білді. Сайланған 6 жұптың ішінен «Туған тілім — тұғырым»,»Туған тілім — мақтанышым»,»Көк тудың желбірегені»,Тіл — тұмарым» тақырыптары аясында ойлар қамтылды.
Әділқазылар шешімімен айтыскер жеңімпаздар: Қолдас Иманғали, Қуан Рамазан, Темірбек Нұрдана арнайы Мақтау қағаздарымен марапатталды. Тартысты да, қызықты өткен өнер додасы барысында мектеп жасындағы жас айтыскерлер өздерінің Отанға, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін айрықша, шебер жеткізе білді.