«Тұран» «Астана» үшін алынбас қамалға айналды

Футболдан Қазақстан чемпионатының 21 туры аяқталды. Бул турда күтпеген нәтижелер көп тіркелді. Аутсайерлердің бірі «Ақжайық» бірінші орындағы «Ақтөбені» 3:1 есебімен жеңсе, «Мақтаарал» сырт алаңда «Таразды» 1:0 есебімен жеңіп кетті. Ал ең қызықты матч Түркістанда өтті.

Түркістанның «Тұран» командасы еліміздің бірнеше дүркін чемпионы «Астананы» қабылдады. Биыл да бас жүлдеге таласып жатқан елордалықтар оңай олжаға кенелуді көздеген. Бірақ түркістандықтар өте жақсы ойын өрнегін көрсетті. Талантты жас ойыншы Бағдәулет Зулфикаров есеп ашса, Гуренко есепті еселеді. Тек ойынның 83-минутында Айымбетов есеп айырмашылығын қысқартса, 95-минутта Томасов пенальтиден есепті теңестірді.

Бір айта кетерлігі, «Астана» командасы «Тұранды» әлі күнге дейін жеңе алмай келеді. 2021 жылы Түркістанда өткен ел чемпионатының алғашқы турында 2:2 есебімен тең түссе, сырт алаңда 1:1 болды. Биыл Астанада 3:3 есебімен тең тарқасса, жоғарыда айтылған екінші кездесуде 2:2 болды. Осылайша, 4 кездесуде де «Тұран» «Астана» үшін алынбас қамалға айналды. Қазір «Астана» 38 ұпаймен екінші орында, ал «Тұран» 23 ұпаймен 11-орында тұр.

Ғалым Ұласбек

Ұқсас жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар