Түркістан облысы білім басқармасы «Облыстық жас туристер станциясы» КММ-нің ұйымдастыруымен 26-29 қазан күндері аралығында Төлеби ауданы, Біркөлік шатқалындағы туристік лагерде «Тұран скауттары әскери патриоттық қозғалысы» жиыны өткізілді.
Жиын мақсаты: Оқушылардың туристік ептіліктері мен шеберліктерін арттыру; Топтар арасынан үздік туристік топтарды анықтау; Құтқару жұмыстарын үйрету; Төтенше жағдай кезінде зардап шеккен жағдайда алғашқы медициналық көмек көрсетуді үйрету.
Жиынға «Облыстық жас туристер станциясы» КММ және қарасты қала, аудандық бөлімдерден 110 оқушы қатыстырылды.
Жиын «Техникалық жұмыс», «Кедергілер жолағы», Туристік түйіндер», «Топографиялық белгілер» кезеңдерінен тұрды.
«Тұран скауттары әскери патриоттық қозғалысы» жиынының жалпы топтық туристік кезең жеңімпаздары:
І орын -Төлеби ауданы, жетекшісі Адаев Серікболсын;
ІІ орын — Келес ауданы, жетекшісі Мырзанов Ғалымжан;
ІІІ орын — Түркістан қаласы, жетекшісі Мәшүр Серік.
Жеңімпаз топтар «Облыстық жас туристер станциясы» КММ-нің дипломдарымен және арнайы сыйлықтармен марапатталды.