«Ғажайып ғасырдың» (Великолепный век) атышулы жұлдызы той суреттерін көрсетті. Түрік киносының ең сұлу актрисаларының бірі Мерве Болугур екінші рет тұрмысқа шықты. Жұлдыз той суреттерін әлеуметтік желіде бөлісіп, жанкүйерлерінің ыстық ықыласына бөленді.
Ұзақ уақыт экраннан көрінбей жүрген 35 жастағы актриса өткен айда қуанышты оқиғамен бөлісті: сүйіктісі ди-джей Мерт Айдын Мервеге үйленуге ұсыныс жасады. Бұл жаңалығын танымал қалыңдық Instagram парақшасында жариялады.
Айта кету керек, актрисаның жеке өмірі сәтсіз романдарға толы: Бурак Озчивитпен махаббаты ұзаққа созылмады, Мұрат Далкылычпен сәтсіз неке, Бурак Даяның жанкүйерімен қарым-қатынасы да ажырасумен аяқталған болатын. Түрік БАҚ хабарлағандай, атақты жұлдыз Ыстамбұлдағы клиникалардың бірінде депрессиядан бірнеше рет емделген.
Актриса дүниежүзіне танымал болған «Ғажайып ғасыр» сериалының сценарий авторлары Мерве кейіпкерді экранда таныстыруы үшін Нұрбану Сұлтан образын арнайы жасаған. Әрбір эпизод үшін оған 6500 доллар төленген.