Түркістан: Алдағы 2 жылда 96 мектеп бой көтереді

Білім беру инфрақұрылымын дамыту мақсатында Түркістан облысында 2023-2025 жылдар аралығында 96 мектеп салынуда. Оның: 63-«Жайлы мектеп» ұлттық жобасымен, 3-«Ауыл ел бесігі» бағдарламасынан, 21-жалпы сипаттағы трансферттер есебінен, 9-жемқорлардан тәркіленген қаражат есебінен бой көтереді. Биыл осы мектептердің 20-ы оқушылар қабылдайды.

Жаңа оқу жылында 1-сыныпқа 51 621 оқушы келеді деп күтілуде. 2022 жылы 53 799 оқу мектеп табалдырығын алғаш аттаған еді.

Ал, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша өңірде үш жылда заманауи 63 мектеп құрылысы жүргізілетін болады.

Сонымен қатар, қыркүйек айында жалпы көлемі 5 мың орыннан астам 17 жекеменшік мектеп пайдалануға беріледі.

Нәтижесінде облыстағы жекеменшік мектептер саны 110-ды құрайды.

Осы орайда тамыз кеңесіне қатысқан Түркістан облысының әкімі Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды бизнес өкілдерін ел болашағы – балаларымыздың сапалы білім алуына инвестиция құюына шақырды.

“Мектептегі оқушы орындарының тапшылығын шешуде жекеменшік сектор біздің негізгі әріптесімізге айналуы тиіс.

Бұл бойынша тиісті басқармаларға мектеп қажет ететін елді мекендер картасын әзірлеп, «Атамекен» кәсіпкерлік палатасы арқылы бизнес өкілдерімен ашық форматта жұмыстар жүргізуді, қажет болған жағдайда жекеменшік секторға қажетті коммуналдық инфрақұрылымдарды тиісті орынға дейін жеткізіп беруді тапсырамын” , — деп мәлімдеді облыс әкімі.

Әрине, мемлекет әр бала үшін жекеменшік мектептерді қаржыландырады.

Ұқсас жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар