Түркістан облысы шетелге 60 мың тонна ет экспорттады

Нет описания фото.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында және өз Жолдауларында ауыл шаруашылығын дамыту мәселесіне үнемі тоқталады. Осы ретте Түркістан облысында аталған бағыт бойынша жүйелі жұмыс жалғасып жатыр. Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің басшылығымен мал шаруашылығын дамыту үшін шаруаларды кооперативтерге біріктіру, жем-шөп, өңдеу және өткізу тізбегін қалыптастыру, ветеринариялық бақылауды күшейту және субсидиялау жүйесін цифрландыру сияқты міндеттер айқындалған.
Жүйелі жұмыстар нәтижесінде Түркістан облысы республикада мал шаруашылығы бойынша жетекші орнын сақтап тұр. Бүгінде ірі қара малдың 14%-ы (1 105,1 мың бас), ұсақ малдың 22%-ы (4 432,2 мың бас), жылқының 11%-ы (492,9 мың бас) және түйенің 14%-ы (40,9 мың бас) – облыстың үлесінде. 2025 жылы өңірде 130,5 мың тонна ет, 474,4 мың тонна сүт және 265,4 млн дана жұмыртқа (2,2 млн бас құс) өндірілді. Бұл тұрақты дамудың арқасында ет экспортының әлеуеті артты. Республикадағы ірі қара мал етінің 80%-ы, қой етінің 75%-ы Түркістан облысына тиесілі. 2025 жылы экспортқа 30 мың тонна ірі қара мал еті және 32 мың тонна қой еті шығарылды.
2025-2026 жылдарға арналған мал қыстату науқанына жауапты министрлік 5,2 млн тонна мал азығын жинау жоспарын бекітіп, мал азығы 100% жиналды: сабан – 376,3 мың тн, пішендеме (сенаж) – 236,6 мың тн, шөп – 4 380,3 мың тн, сүрлем – 206,6 мың тонна. Жауын-шашынның аздығына байланысты өңірде құрғақшылық тіркеліп, жайылымдық жерлердегі табиғи шөптің өнімділігі төмендеді. Сол себепті Түркістан облысы әкімдігі Солтүстік Қазақстан облыстарынан кебек және бидай жеткізу жұмыстарын ұйымдастырып, «ALTYN NAN» ЖШС арқылы шаруаларға нарық бағасынан 20-30% төмен бағамен жеткізді.
Облыс бойынша жалпы 225 шаруа қожалыққа 910 тонна малазықтық бидай үлестірілді: Созақ ауданы – 221 тонна, Бәйдібек ауданы – 251,7 тонна, Төлеби ауданы – 259,2 тонна, Түлкібас ауданы – 124,6 тонна, Арыс қаласы – 23,5 тонна, Отырар ауданы – 30 тонна. Республикада экспортқа шығарылатын ірі қара мал етінің 80 пайызы, қой етінің 75 пайызы облыстың еншісінде. 2025 жылы 30 мың тонна ірі қара мал еті, 32 мың тонна қой еті, жалпы 60 мың тоннадан астам ет экспортқа бағытталды.
Өңірде экспортты ұлғайту мақсатында ет кластері жаңаша бағытта дамытылып жатыр. «Kaz Eco Meat», «Turkestan Agro» және «Бесқара» ет өндіру кешендері іске қосылып, қосымша 35 мың тонна ет өндіріледі. Аустралиялық тәжірибе негізінде Орталық Азияда теңдесі жоқ 50 мың басқа арналған ірі қара мал бордақылау алаңының құрылысы жүргізілуде. Заманауи мал биржасы салынып жатыр. Сондай-ақ жылына 48 мың тонна құс етін өндіретін ірі фабриканың құрылысы басталды.
Возможно, это изображение стейк

Ұқсас жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар