Түркістан облысында 187 832 оқушы ыстық тамақпен қамтамасыз етілді

Барлық бастауыш сынып оқушылары тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облысының білім басқармасының басшысы м.у.а. — Садықова Ардақ Мәдіханқызы мәлім етті.

Ардақ Мәдіханқызы атап өткендей, бүгінгі таңда облыстағы 1-4 сыныпта оқитын 187 832 балалар (оның ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы №64 қаулысында көрсетілген санаттарындағы 31 577 бала ағымдағы жылы бір реттік ыстық тамақпен қамтылған) 1 қыркүйектен бастап тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілді.

«1-4 сыныптағы оқушылардың тегін тамақтануына бюджетте қаралған қаржы шегінде 6 196 761 мың теңге бөлінді. Бұған дейінгі талдау барысында, 110 асханасы жоқ деп хабарланған мектептердің 83-інде қосымша бөлмелер ажыратылып, ыстық тамақ беруге жағдай жасалып, балалар тамақпен қамтамасыз етілуде, ал қалған 19-ына ыстық тамақ ең жақын маңдағы мектептерде дайындалып, мердігерлер тарапынан тасымалданып, қамтамасыз етілуде», — деді А.Садықова.

Айта кетейік, мектепті ыстық тамақпен қамтамасыз ету туралы баспасөз брифингі Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментімен біріге отырып өткізілді. Журналистер сұрақ қойып, сауалдарына жауап алды.

Ұқсас жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар