Түркістан облысында 21 мектептің жылу жүйесі ауыстырылады

Түркістан облысында «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасы аясында қарқынды жұмыс жүруде. Бұл міндет аясында мектептерді жайлы әрі қауіпсіздігі жоғары үлгіде салу ісі қолға алынып, 2025 жылға қарай елімізде 1000-нан астам жаңа мектеп салу жоспарланып отыр. Сонымен бірге ескі мектептерді заман талабына сай жаңғырту, жөндеу жұмыстары да маңызды.

Түркістан облысында 2023 жылы 21 білім беру ұйымының жылыту қазандықтарын және жылу жүйелерін ауыстыруға арнайы қаржы қаралған. Бүгінде осы бағытта тиісті жұмыстар жүргізілуде. Мамандар жылу қазандықтары жаңа оқу жылына дейін дайын болады деп жоспарлап отыр.

Айта кетейік, Түркістан облысында 2023 жылы 33 мектептің құрылысын жүргізуге түрлі қаржыландыру көздерінен 23,6 млрд. теңге қаржы қаралды. Биыл 20 мектепті пайдалануға беру жоспарлануда. Оның ішінде 6 мектепті 1 қыркүйекте ел игілігіне ұсыну көзделіп отыр.
Білім басқармасының басшысы дінислам Болатханұлының айтуынша, ішкі әжетханаларды іске қосуда су тапшылығы кедергі келтіруде. Соған байланысты пилоттық жоба ретінде ішкі әжетханаларын үздіксіз техникалық сумен қамтамасыз үшін ұңғымалар (скважина) қазылып, жерасты суларын пайдалану қолға алынған. Бұл бастама Түлкібас ауданындағы «Жаңаталап» шағын жинақты және И.Рыбалко атындағы жалпы орта мектепте жүзеге асты. Бұл тәжірибе басқа аудандарға да енгізілмек.

«Silknews-ақпарат»

Ұқсас жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар