Түркістан облысында жалпы мыңнан астам мектепте (оның: 907-мемлекеттік болса, қалғаны жекеменшік) 514 мыңнан астам оқушы білім алады;
Облыстағы 1364 балабақшада (264-мемлекеттік,52-шағын орталық, 1062-жекеменшік) 149 мыңға жуық бала тәрбиеленуде.
Ал, облыстағы 52 колледжде (оның: 29-мемлекеттік, 23-жекеменшік) 40 мыңнан астам студент оқиды.
Облыс халқының 38%-ы балалар мен кәмелетке толмаған жасөспірімдер.Еліміздегі әрбір 7-ші оқушы біздің облыста.Бұл республикадағы ең үлкен көрсеткіш.
Түркістан облысы республикада білім беру саласына бөлінетін қаржы көлемі жағынан 1-орында.Салаға 2023 жылға 597,5 млрд. теңге қаржы бөлінген.
Білім беру инфрқұрылымын дамыту мақсатында облыста 2023-2025 жылдар аралығында 96 мектеп (оның: 63-«Жайлы мектеп» ұлттық жобасымен, 3-«Ауыл ел бесігі» бағдарламасынан, 21-жалпы сипаттағы трансферттер есебінен, 9-жемқорлардан тәркіленген қаражат есебінен) салынуда.Биыл осы мектептердің 20-ы оқушылар қабылдауда.
Жаңа оқу жылында 1-сыныпқа 51 621 оқушы (2022 жылы – 53 799 оқушы) келді.
Сондай-ақ, биыл мемлекеттік 5 мектеп, жекеменшік 14 білім ұясы алғашқы оқушыларын қабылдады.
Ал, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша өңірде үш жылда заманауи 63 мектеп құрылысы жүргізілетін болады.
Биыл 240 пән кабинеттерін (физика-64, химия-48, биология-64, STEAM-64) алуға 3,1 млрд. теңге бөліп отырмыз.
Облыста балаларды қорғау, әлеуметтік қолдау мақсатында нақты шаралар қабылданып, бюджет шығыстары есебінен 12 млрд. теңге қаралды.
Түркістан облысының білім басқармасына қарасты 21 мекемеде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. «Ауыл Ел-бесігі» бағдарламасымен 13 білім мекемесіне,ал облыстық бюджеттен 8 білім мекемесіне. Атап айтқанда (Ордабасы 2, Сайрам 2, Түлкібас 1, Төлеби 5, Сарыағаш 6, Кентау 1, Арыс 1, Келес1, Түркістан 2).
Балалар қауіпсіздігін қамтамасыз етуге 5,9 млрд. теңге қаржы бөлінді.
Қауіпсіздікті 6 бағытта жүргізіп, мәселе �100% шешіледі.
Мектептерге 7 мыңнан астам бейнекамера орнатылып, полиция департаментінің жедел басқару орталығына қосылады.
Мемлекеттік 936 (оның ішінде: 907-мектеп; 25-колледж; 4-балалар ауылы мен жасөспірімдер үйі) білім беру мекемелері 100% дабыл батырмасымен қамтылып, жедел басқару орталығына қосылды.
Кәсіби күзет қызметімен қамтамасыз етілуі тиіс бала саны 300-ден жоғары 573 білім беру ұйымдары толық лицензияланған күзет қызметіне өтті.
Мектеп алды көшелерде жарықтандыру жүйелері мен арнайы жол белгілері орнатылуда.
Жаңа оқу жылынан бастап облыстағы бастауыш сыныпта оқитын 187 832 бала бір реттік ыстық тамақпен қамтамасыз етілетін болады. Жыл соңына дейін оған облыстық бюджеттен 6,2 млрд. теңге қаржы қаралды.
Оқушы тасымалы мәселесі ле шешілді. Облыс бойынша 180 елді мекенде 15 225 бала мектепке тасымалданады (оның ішінде: мектебі жоқ 56 елді мекеннен – 6696, мектептерде жоғары сыныптары жоқ 124 елді мекеннен – 8529 бала).
«Балалар жылы» аясында Мемлекет басшысының тапсырмасымен облыс мектептеріне лизинг тәсілімен «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ы арқылы 101 заманауи автобустар алынды.
Жаңа оқу жылында оқушылар тасымалы мемлекет теңгеріміндегі 120 (оның ішінде: жаңа – 101, бұрынғы –19 автобус) және мердігер фирма меншігіндегі 68 автобуспен ұйымдастырылады.
Баршаңызды бүгінгі білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймыз!