«Әділетті Қазақстан: сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт» (Ұлттық құндылықтарға негізделген тәрбие) тақырыбында өткізілетін республикалық тамыз кеңесі өтті.
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі тарапынан Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмалары аясында білім саласындағы өзекті 20 тақырыптық бағыт («бір өңір – бір бағыт») бойынша еліміздің әрбір өңірінде республикалық тамыз кеңесін өткізу жоспарланған.
Осыған орай 2023 жылдың 24-25 тамыз күндері Түркістан қаласында білім беру саласы қызметкерлерінің «Әділетті Қазақстан: сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт» (Ұлттық құндылықтарға негізделген тәрбие) тақырыбында республикалық тамыз кеңесі ұйымдастырылды.
Аталған республикалық тамыз кеңесіне еліміздің өзге өңірлерінен 400-ге жуық делегат пен білім саласының тәрбие бағытына жауапты мамандар келді.
Тамыз кеңесіне Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің өкілдері, Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері, ҚР Парламенті мен мәслихаттарының депутаттары, Ұлттық құрылтай мүшелері, ҮЕҰ, БАҚ және ата-аналар қоғамдастықтары өкілдері, Білім саласының ардагерлері, салалық кәсіподақ мүшелері, педагогтер, білім мекемелерінің басшылары, Балалар құқығын қорғау аймақтық өкілдері, Аудан, қала әкімдері, мемлекеттік органдардың өкілдері, ЖОО ректорлары, ғалымдар қатысты.
Тамыз кеңесі екі күнге жоспарланған. Бірінші күні панельдік секция жұмыстары мен шеберлік сыныптары өткізілді. Екінші күні пленарлық мәжіліс Астана қаласына тікелей байланысқа қосылу арқылы өткізіледі және ары қарай өңірде жалғасын тапты.
Түркістан облысындағы Тамыз кеңесінің негізгі баяндамасы «Ұлттық құндылықтарға негізделген тәрбие: біртұтас тәрбие жұмысының бағдарламасы» тақырыбында өтуде.
Түркістанда өтетін тамыз кеңесіне келушілер 24 тамыз күні секциялық мәжілістерге қатысты. “Адал азамат -ел тірегі”, “Еңбекқорлық — табысқа жетудің бірігей жолы” , “Мәдени мұра және тарихи таным” сияқты тақырыптағы секцияларға қатысты. Тәрбие саласының бас-қасында жүрген жауапты мамандар Түркістанда бас қосып, тәжірибе алмасты. Осылайша біліктілікті арттырды.
Бүгін, 25 тамыз күні еліміздің барлық өңірлерінде бір уақытта ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтің төрағалығымен Астанадан тікелей қосылысқа шығып, өткен жылды қорытындылай, жаңа 2023-2024 оқу жылындағы жаңалықтар мен оң өзгерістерді мәлімдеді.
Бүгін «Әділетті Қазақстан: сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт»
білім саласы қызметкерлерінің республикалық тамыз кеңесінің «Ұлттық құндылықтарға негізделген тәрбие» бағыты бойынша пленарлық мәжілісі өтті. Жиынға облыс әкімі Сатыбалды Дархан Амангелдіұлы сөз сөйлеп, педагогтарды жаңа оқу жылымен құттықтады. Түркістан облысында білім саласында жеткен жетістіктермен бөлісті. Сондай-ақ, Түркістан облысында жаңа оқу жылында атқарар ілкімді жоспарлар легін айтты.
Тамыз кеңесіне Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі, Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің директоры Медетбекова Меруерт Асқарбекқызы “Ұлттық құндылықтарға негізделген тәрбие: біртұтас тәрбиежұмысының бағдарламасы” жайында баяндама оқыды.
“Ұрпақ тәрбиесі – ұлттың болашағы” тақырыбында Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің депутаты Иса Қазыбек Жарылқасынұлы баяндама оқыды.
Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, Психология, тәрбие және тұлғаны дамыту орталығының директоры Танирбергенова Анар Шынболатовна “Ұлттық тәрбие – ұлт болашағы: біртұтас тәрбие және құндылықтар” жайында сөз қозғады.
“Өскелең ұрпақ санасына дүниетанымдық және ұлттық құндылықтарды дарытудың өзекті мәселелері” атты баяндаманы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы, Абайтанушы Шәкіp Шәкімшәpімұлы Ыбыpaeв таныстырды.
Білім-инновация Халықаралық қоғамдық қорының президенті Өте Дархан Ермаханұлы “Құндылықтарға негізделген білім беру арқылы болашаққа жаңа қадам” бойынша педагогтарға баяндамасын айтты.
Түркістан облысындағы тамыз кеңесінде 6 спикер басты баяндамаларын қорғады. Жиынды Түркістан облысы әкімінің орынбасары Тәжібаев Бейсенбай Дәулетұлы жүргізіп отырды.