Түркістан облысында Республикалық “Тамыз” кеңесінің секциялық мәжілісі басталды

«Әділетті Қазақстан: сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт» тақырыбында өткізілетін республикалық тамыз кеңесінің секциялық мәжілісі басталды

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі тарапынан Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың тапсырмалары аясында білім саласындағы өзекті 20 тақырыптық бағыт («бір өңір – бір бағыт») бойынша еліміздің әрбір өңірінде республикалық тамыз кеңесін өткізу жоспарланған.

Осыған орай бүгін Түркістан қаласында білім беру саласы қызметкерлерінің «Әділетті Қазақстан: сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт» (Ұлттық құндылықтарға негізделген тәрбие) тақырыбында республикалық тамыз кеңесінің секциялық мәжілісі өтті.

Аталған республикалық тамыз кеңесінің секциялық мәжілісіне еліміздің өзге өңірлерінен 160-қа жуық білім саласының тәрбие бағытына жауапты мамандар мен Түркістан облысындағы мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.

Айта кетейік, тамыз кеңесі екі күнге жоспарланған. Бірінші күні панельдік секция жұмыстары мен шеберлік сыныптары өткізілді. Екінші күні пленарлық мәжіліс Астана қаласына тікелей байланысқа қосылу арқылы өткізіледі.

Түркістанда өтетін тамыз кеңесінің секциялық жиынына келушілер “Адал азамат -ел тірегі”, “Еңбекқорлық — табысқа жетудің бірігей жолы” , “Мәдени мұра және тарихи таным” сияқты тақырыптағы секцияларға қатысты. Тәрбие саласының бас-қасында жүрген жауапты мамандар Түркістанда бас қосып, тәжірибе алмасты. Осылайша біліктілікті арттырды.

Жаңа оқу жылы толағай табыстар мен жоғары жетіктіктерге толы жыл болсын!

Ұқсас жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар