Мемлекеттік гранттардың дұрыс игерілуіне байланысты басқарма тарапынан колледж студенттерінің сабаққа қатысуына арнайы мониторинг жүргізілуде. Мониторинг студенттердің сабаққа қатысуын өкінішке
орай барып көру тәсілімен жүргізілген. Осы ретте, мониторинг жұмысын автоматтандыру мақсатында басқармаға қарасты 25 мемлекеттік колледж өз қаржаты есебінен білім алушылардың сабаққа қатысуларын қашықтан қадағалау үшін FACE ID ақпараттық жүйесін орнатылды.
Жаңа жүйеге колледждің барлық студенттері мен мұғалімдері, техникалық қызметкерлерінің электронды суреті мен аты-жөндері енгізілген. Құрылғының бейнекамерасына қараған кезде тіркелген адамдарды бірден танып, мекеменің кіре берісінде орнатылған турникеттер автоматты түрде ашылады. Тіркелмеген, сырттан келген бөтен адамдардың түрін танымай, арнайы қызыл белгі береді.
Бұл ретте орта білім беруден кейінгі мекемелердің арнайы күзет қызметі келіп, ақпарат сұрайды. Бұл бастама студенттердің сабаққа уақтылы келуінде де қадағалап отырады. Ол арнайы базаға автоматты түрде енеді. Бұл жүйені әр колледжде оператор бақылап отырады.
Қазіргі таңда, 24 колледжде жұмысы толық аяқталған, ал 1 колледжде жұмысы толық қараша айында аяқталады. Нәтижесінде FACE ID ақпараттық жүйесі басқармамен интеграцияланып толық автоматтандырылатын болады.