Түркістан облысындағы үздік деп танылған 15 оқытушы Токиодағы білім саласының барысын зерттеп, тың тәжірибелермен танысуда.
Жоба Жапония мемлекеті Білім министрлігінің білім беру саласындағы ұлттық саясат институтының қолдауымен жүзеге асып отыр.
Жұмыс жоспарына сәйкес бірінші күні делегаттар жапон білім беру жүйесінің қалыптасу тарихымен танысты. Уаседа университетінің профессоры Юмико Оно жұмыс тобына жапон мектептеріндегі оқыту әдістемесін көрсетті. Делегаттар Иокоһамада орналасқан мектеп базасында Lesson study әдістемесі бойынша 3 және 6-сыныптардағы кіріктірілген оқытудағы зерттеу сабақтарына енді. Сонымен қатар, жапон мұғалімдерінің зерттеу топтарының жұмысына және сабақтарына қатысты.
Оқу тәжірибелік семинар апта соңына дейін жалғасатын болады.