Түркістан: Шардаралық қол күрес шеберлері ел чемпионатында 16 алтын медаль алды

Ақмола облысы Щучинск қаласында армрестлингтен ересектер арасында Қазақстан Республикасы чемпионаты өтті. Аталған дүбірлі додаға еліміздің түкпір-түкпірінен кіл мықты спортшылар жиналып, жарыс өте тартысты өтті. Түркістан облысының «Шардара Армспорт» құрамасының спортшылары 16 алтын медаль алып,  командалық есепте І орынды иеленді.

Жеңіс тұғырынан көрініп, облыс абыройын асқақтатқан білектілердің 14-і — ер азаматтар болса, 2-і бұрымдылар. Айта кетейік, жарыс жеңімпаздары алдағы Молдова елінде өтетін әлем чемпионатына жолдама алды.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар