Алдағы сенбі-жексенбі күндері мегаполисте Түркістан облысының тауар өндірушілері ауылшаруашылығы жәрмеңкесін өткізеді.
Алматы қаласының әкімдігі хабарлағандай, алматылықтарға Түркістан облысының фермерлері ет-сүт, жеміс-көкөніс, шұжық, сондай-ақ, ұн, жарма, өсімдік, жануар майы, басқа да өнімдердің 50-ден астам түрін ұсынады.
«Өнімнің жалпы көлемі 300 тонна, оның ішінде ет өнімі – 60 тонна; жеміс-көкөніс өнімі – 200 тонна; сүт өнімі – 15 тонна; балық – 5 тонна; өзге де өнімдер – 20 тонна»,- делінеді хабарламада.
Кеңейтілген ауылшаруашылығы жәрмеңкесі 08:00-ден 17:00-ге дейін Шевченко көшесіндегі Ш.Уәлиханов алаңы (Қонаев пен Пушкин көшелерінің арасында) мекенжай бойынша өтеді.
Фото ашық дереккөзден