Түркістанда демеушілер 8 отбасыға үй сыйлады

 

Возможно, это изображение ‎10 человек и ‎текст «‎تعرم TURISTAN KoHblc ..طهة KyTTbl δo 6oлcblH D cblH! wa vo‎»‎‎
Возможно, это изображение 11 человек и текст
Возможно, это изображение 16 человек и текст
Халықты баспанамен қамту маңызды мәселе. Түркістан облысында осы бағытта жұмыс жүргізіліп жатыр. Облыс орталығында әлеуметтік қолдауға мұқтаж 8 отбасыға жаңа баспананың кілті табысталды. Бұл – демеушілердің қолдауымен жүзеге асқан игі бастама. Үшқоңыр көшесінде орналасқан әсем де жайлы баспаналардың әрқайсысы 68 шаршы метрді құрайды. Үш бөлмелі баспаналар ас үй, жуынатын бөлмемен жабдықталған. Электр желісі, табиғи газ және ауыз сумен қамтылған.
Жаңа қоныс иелерінің қуанышымен облыс әкімі Нұралхан Көшеров ортақтасып, отбасыларға жылы лебізін білдірді.
– Бұл тек баспана беру ғана емес, адамдардың болашағына сенім сыйлау. Осындай қамқорлық пен қайырымдылық істер біздің қаламыздың бірлігін нығайтып, тұрғындардың әл-ауқатын жақсартуға үлкен үлес қосады. Шаңырақтарыңыз шаттық пен берекеге толы болсын, – деді Нұралхан Көшеров.
Баспана кілтін табыстау сәтінде тұрғындар өз қуаныштарымен бөлісіп, демеушілерге алғыстарын жеткізді.
Айта кетейік, бұл отбасылар облыс әкімінің жеке қабылдауында болып, баспана мәселесін көтеріп, көмек сұраған болатын. Өтініш қабылданды.
Қазіргі таңда Түркістан қаласында 23 мыңнан астам адам үй кезегінде тұр. Жыл басынан бері 400-ден астам пәтер үлестірілді. Жыл соңына дейін тағы 500-ден аса пәтер беріледі деп жоспарлануда.

Ұқсас жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар