Жетісу облысының білім басқармасы дене тәрбиесі, спорт, алғашқы әскери дайындығы және қосымша білім берудің ғылыми-тәжірибелік орталығы Жетісу облысы білім басқармасы мен «Жас ұрпақ» жастар қоғамдық бірлестігімен бірлесе отырып өскелең ұрпақтың Қазақстандық патриотизмі мен азаматтылығын қалыптастыру, оқушылардың бойында жауапкершілік, республикадағы пікірсайыс қозғалысын дамыту, насихаттау және қолдау мақсатында жалпы орта білім беру ұйымдарының білім алушыларының арасында жуырда Талдықорған қаласында «Жаңа Қазақстанның болашағы — Зерделі ұрпақ» атты Республикалық пікірсайыс турнирі болып өтті.
Турнирге Түркістан облысы атынан «Саналы ұрпақ» командасы, Кентау қаласы, М.Қашғари атындағы мектеп-лицей оқушылары ағылшын және орыс лигаларына қатысты.
Пікірталасшылар республикалық турнирде тартысты өнер көрсетіп, ағылшын лигасы бойынша Изатуллаева Лайло Икрамжанқызы, Насируллаева Барно Рухиллақызы ІІІ дәрежелі дипломмен, орыс лигасы бойынша Анварова Алтинай Максудқызы «Үздік спикер» номинациясымен марапатталып жеңіске жетті.
Жетекшілері Амин Зумрад Сатыболдыкизы, Мухитдинова Захира Акажановна.
Жеңістеріңіз құтты болсын жеңімпаздар!