Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 29 қазан -1 қараша аралығында Ақтөбе қаласында 9-10 сынып оқушыларына арналған жас тарихшылардың «Менің шағын Отаным» атты республикалық зияткерлік конкурсының қорытынды кезеңі өтті.
Мақсат — туған жер тарихына қызығушылық танытатын талантты оқушыларды анықтап, олардың шығармашылық қабілетін, қоғамдық белсенділігін дамытуға, өскелең ұрпақтың бойына ұлтжандылықты қалыптастыру, өзінің туған өлкесінің тарихын және құндылықтарын мақтаныш сезіммен жеткізуге бағыттау.
Аталған конкурсқа республика бойынша 22 команда қатысты. Ал, Түркістан облысынан қатысқан 4 оқушы өз білімдерін сынап, 1 алтын, 1 күміс медальмен және 2 мақтау қағазымен марапатталды.
- І орын — Сапарбекқызы Ақерке — Түлкібас ауданың үш тілде оқытатын мамандандырылған мектеп-интернатының 10-сынып оқушысы;
- ІІ орын — Амалбек Асылай — Түлкібас ауданың үш тілде оқытатын мамандандырылған мектеп-интернатының 10-сынып оқушысы;
- Мақтау қағазы — Анартай Аружан — Төлеби ауданы, «Нысанбек» жалпы орта мектебінің 10-сынып оқушысы;
- Мақтау қағазы — Умирзақ Жанерке — Жетісай ауданы, С.Асанов атындағы №38 жалпы білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы.