Түркияда зілзала құрбандарының саны 39,6 мыңнан асты. Бұл туралы CNN Türk телеарнасының эфирінде елдің Ішкі істер министрлігінің басшысы Сүлейман Сойлу мәлімдеген.
Оның айтуынша, табиғат апаты кезінде құлаған 20 мыңнан астам ғимарат орнында іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілді. Ведомство басшысы іздестіру-құтқару жұмыстарының басым бөлігі аяқталғанын айтты.
Еске салсақ, 6 ақпанда Кахраманмарашта магнитудасы 7 балдан асатын екі жер сілкінісі болды. Жер сілкінісі елдің 10 провинциясында, сондай-ақ көршілес мемлекеттерде, соның ішінде Сирияда да сезілді.
Фото: Anadolu