Таэквондошылар Чэндуде өткен Универсиаданың 14-ші медалін әкелді. Чэнду қаласында (Қытай) 2023 жылғы жазғы Универсиада жалғасуда. Оған қазақстандық спортшылар да қатысып жатыр.
Құрамында Шамсат Дүйсенов, Абдурахмон Марипов, Бейбарыс Қаблан және Бексұлтан Мұсахан бар таэквондодан ерлер командасы командалық есепте «қола» иегері атанды.
Қазақстандық таэквондошылар жартылай финалға шығып, Иранның болашақ күміс жүлдегерлеріне есе жіберіп, ел қоржынын қола медальмен толықтырды. «Алтынды» оңтүстіккореялықтар жеңіп алса, екінші қола медальдар Қытайға бұйырды.
Осылайша, Қазақстанның биылғы Универсиадада 14 медалі бар: бір алтын, бес күміс және сегіз қола.
Фото: sports.kz