Тамыз кеңесі: Еліміздің әр аймағынан келген педагогтар оқушылар сарайымен танысты

Бүгін Түркістанда білім саласы қызметкерлерінің республикалық тамыз кеңесінің секциялық жұмыстары жүргізілді. Осы орайда, білім беру саласындағы ең ауқымды әрі маңызды жиынға қатысушылар «Оқушылар сарайы» — ЮНЕСКО клубына да экскурсия жасап, жасөспірімдердің бос уақытын тиімді пайдалану бағытында атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.

Жалпы саны 50-ге жуық білім саласының майталмандары облыс орталығындағы бірегей нысанның мүмкіндіктері мен оқушылардың білім алуына оң бағаларын берді.

Атап айтсақ, зергерлік және құмыра жасау өнеріне қызығушылықтарын танытып, үйде жұмыссыз отырған көпбалалы аналарға кәсіпкерліктің қыр-сырын меңгертетін «Ісмер ана» жобасына қатысты жақсы ойларын жеткізді. Сонымен бірге, еліміздегі жалғыз робототехника және наноспутник үйірмесіне ерекше назар аударып, Оқушылар сарайының авторлық мультфильмі мен эстрадалық вокал үйірмесінің дайындығын тамашалады. Ұлттық құндылықтарды балалардың бойына сіңіру бағытында қолға алынған «Аялы алақан» жобасын талқылап, ғимарат дизайны мен қолөнер бұйымдарынан жүн жасау процесіне қызығушылық танытты.

Ұқсас жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар