Тарих және география пәндерін оқыту бағытында аудандық семинар өтті

Түлкібас ауданының білім бөлімінің жоспарына сәйкес, аудандық әдістемелік кабинетінің пән әдіскері Дәулетқали Мархабатұлының ұйымдастыруымен «Майлыкент» жалпы білім беру мектебінің базасында тарих және география пәнінің мұғалімдерімен «Тарих және география пәндерін оқытуда белсенді оқыту әдістерін қолдану» тақырыбында аудандық семинар өтті.

Мақсат — белсенді оқыту әдістерін пайдаланудың оқушыларға тақырыпты меңгертудегі шапшаңдығын арттыру.

Семинар барысында география пән мұғалімдері А.Дайрабекова «Жер бедерінің адамзат тіршілігі мен шаруашылығына тигізетін әсері», Ғ.Дуйсенбиев «Тарих-география пәндерін оқытуда белсенді оқыту әдістерін қолдану», тарих пәні мұғалімдері Д.Усембеков «Қазақ КСР экономикасының шикізатқа бағытталуы», Г.Халыкова «Абылай ханның ішкі және сыртқы саясаты» тақырыбында, Д.Усембеков, Г.Халыкова, Ғ.Дуйсеналиев үлгілі ашық сабақтар көрсетті.

Пән әдіскері Д.М.Уразбаев семинарды қорытындылап, аталмыш семинардың маңыздылығын атап өтті.

Семинар соңында мұғалімдер өз ұсыныстарын ортаға салып, пікір алмасты.

Ұқсас жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар