Тарихи керуен – шеру басталды

Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының «Облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығының» ұйымдастыруымен, аталған орталық директоры Ешенқұлов Бақытжан Қабайұлының бастамасымен оқушылардың жазғы демалысын үнемді пайдалану, мәдени және тарихи мұраларды дәріптеуге және тарихи естеліктерді сақтауға баулу мақсатында «Облыс тарихы» керуен-шеруі Отырар, Қазығұрт, Түлкібас, Бәйдібек, Сайрам аудандары мен Шымкент, Түркістан қалаларында ағымдағы жылдың 26 маусым — 1 шілде күндері аралығында өткізіледі.

Керуен-шерудің салтанатты ашылуы Шымкент қаласы, Маржан Тасова атындағы үш тілде оқытатын мамандандырылған №12 мектеп-интернатының ғимаратында әр аудан, қалалардан 10 оқушыдан құралған, түрлі байқаулардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері дарынды, өнерлі, өз елінің патриоттары яғни, 170 оқушының қатысуымен өтілді.

Бес күндік іс-шараның салтанатты ашылу рәсімінде сөз алған Бақытжан Қабайұлы, тарихи керуен-шеруге қатысушы балалар мен олардың жетекшілеріне өзінің ақжарма алғысын айтып, алдағы саяхатқа сәт-сапар тіледі.

Айта кетейік, «Облыс тарихы» атты керуен-шеруі (бұдан әрі — байқау) 2017 жылғы 12 сәуірдегі «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ұлттық жаңғыру кезеңіне көшіру жөніндегі Түркістан облысының 2022–2024 жылдарға арналған жол картасы негізінде және Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы мен «Облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығы» КММ-нің жылдық жұмыс жоспарына сәйкес өткізіліп келеді.

Ұқсас жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар