«Тілім — тұмарым» жас ақындар айтысы ұйымдастырылды

Бәйдібек ауданының білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Төрт тоқсан — төрт өнер» ұлттық мәдени-ағартушылық жобасы аясында қосымша білім беру ұйымдарының арасында аудандық «Тілім —тұмарым» атты жас ақындардың «Айтыс байқауы» өтті.

Байқау мақсаты: Ұлттық рух пен патриотизмді, өз халқына оның дәстүріне құрметпен қарауға тәрбиелеу, айтысты қазақ халқының ұлттық құндылығы, шешендік баға жетпес мұрасы ретінде дәріптеу арқылы дарынды шығармашыл жастарды анықтау.

С.Ерубаев атындағы мектеп базасында ұйымдастырылған бұл байқауда жас ақындар сүбелі сөзбен ой айтып, тілге деген құрметтерін білдіріп, халық арасындағы өзекті мәселелерді тиек етті. Нәтижесінде жүйріктен жүйрік озып, нағыз мықтылар жеңіс тұғырынан көріне білді.

Ұқсас жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар