Мемлекет басшысы Ватиканға ресми сапармен барады, — деп хабарлайды silknews.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы Ватиканда Рим Папасы Францискпен кездеседі.
Бұдан бөлек, Президент БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (FAO) және Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының (WFP) штаб-пәтерлеріне барады.
Айта кетейік, 18-19 қаңтарда Тоқаев Италия мен Ватиканға баратынын хабарлады.
Қасым-Жомарт Тоқаев сапарының алғашқы күні Рим қаласында Италия Президенті Серджо Маттарелламен, Премьер-министр Джорджа Мелонимен келіссөздер жүргізеді.
Сонымен қатар Президент «Қазақстан-Италия» инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысып, бірқатар ірі компания басшыларымен кездесулер өткізеді деп жоспарланып отыр.
Фото: Ақорда