Толерантты тіл саясаты

Толерантты тіл саясаты – мемлекеттің этностық топтың тілдік өміріне бей-жай қарауымен ерекшеленеді. Толерантты тіл саясаты жеке тілдік мектептер сияқты ме­кемелерді кедергісіз дамытуға мүмкіндік бере­ді. Қазақстан Республикасының Конс­титуциясы да, нормативті-құқықтық акті­ле­рі де, Тілдерді дамыту мен қолданудың мем­­­­­лекеттік бағдарламасы да толерантты ұста­нымда. Қазір мектепке дейінгі бі­лім қа­зақ, орыс, өзбек, ұйғыр және ағыл­шын тіл­дерін­де жүргізілсе, бастауыш, негізгі ор­та, жал­пы орта білім беру қазақ, орыс, өз­бек, ұй­ғыр, тәжік тілдерінде беріледі.

Шектеулі тіл саясаты – заңнама не­гі­зінде этностық топ тілдерін қол­дануға тыйым салады немесе шектейді. Эт­нос­тық топ тілдері проблема ретінде қарас­ты­рылып, қолданыс аясы шектеледі немесе жойылады. Титулды ұлт тілінің үстемдігі ор­найды. Кеңес үкіметі құрылған кезде этни­калық топтардың көпшілігі қолданатын 193 тіл болса, 1937 жылға қарай 90-ға дейін қыс­­­қарған, 1988 жылы тек 39 оқыту тілі қал­ды. Осы уақыт аралығында қаншама тіл әлеу­меттік өмірден біртіндеп жоғалып кет­ті?! Нөлдік тіл саясатының ерекшелігі эт­ностық топ тілдерін айқын мойын­да­­майды. Нөлдік тіл саясаты лингвистикалық әр­түрлілікке әсер етіп, этностық топ тіл­дері­нің мектептер мен қоғамдағы рөлін көр­сете­ді. Құқықтық тұрғыдан саясаттағы нөл­дік ақиқаттағы шектеуші тіл саясаты болуы мүм­кін, оның мақсаты – этностық топ тіл­дері­нің қолданылуын шектеу.

Нөлдік тіл сая­саты этностық топ тілдерін қол­дану­шы­лардың ешбір қосымша көмексіз ти­тулды ұлт­тың тілдік ортасына енуіне әке­леді. Репрессиялық тіл саясаты – этностық топ тілдерін жою бойынша белсенді әре­кеттер жасаумен ерекшеленеді. 1930 жыл­дардың екінші жартысынан бастап Ста­лин санаулы баласы бар орыс ауылда орыс мектебін салды, қара домалағы көп қазақ ауыл­дарындағы қазақ мектептерін жапты. Сонымен қатар қазақ тілі идеологиялық шабуылдың өзегіне айналып, қазақ зиялы қауы­мы екінші қуғын-сүргінге ұшырауына се­беп болды.

Олай болса, жоғарыда аталған ба­ғыттардан тіл саясаты тілді тұншықтыра да алатынын, еркін дамуына жағдай жасай да алатынын түсіндік. Енді аз-кем жүзеге асу түр­леріне тоқталайық. Тіл саясаты жүзеге асу механизміне қарай «жоғарыдан төменге» немесе «тө­меннен жоғарыға» жүзеге асырылады. Қа­лыпты ұғымда тіл саясатын билік ұсы­на­ды, бұны ғылымда «жоғарыдан төменге» ба­ғытталған тіл саясаты деп атайды. Яғни, бел­гілі бір басқару құрылымы, мемлекеттік би­лік органдары немесе жеке тұлғалар ұсы­натын макро тіл саясаты. Қазақ тілінің жазу тарихындағы латын (1928 ж.) және кирилл (1940 ж.) графикасына негізделген әліпби реформасы – осының бір дәлелі. Ал қауымдастықтар жасайтын және олар­ға әсер ететін микро немесе қарапайым тіл саясатын «төменнен жоғарыға» бағыт­тал­ған тіл саясаты деп атайды. Ұлт тари­хы­нан үзінді келтірейік, тұңғыш баспасөз құра­лымыз – «Түркістан уәлаяті» газетінде (1870-1882 жж.) қазақ тілін таза сақтау туралы алғашқы мақалалар жарияланса, «Дала уәлаяті» газетінде (1888-1902 жж.) қа­зақ тілінің сол кезеңдегі ахуалы мен бола­ша­ғы, қазақ жазуын жетілдіру жолдары сияқ­ты мәселелер көтерілген. Мәселенің маңы­зын түсінген ұлт зиялылары тілдің құры­лымдық жетілуіне, қызметтік дамуына және қолданыс аясының кеңеюіне мақсатты әре­кет етті.

Бір ғана мысал, дәуір куәгері Абай­дың Мағауияға жазған хаты (1896 ж.) мен Мүрсейіт (1905, 1907, 1910 жж.) көшір­ген қолжазбаларын тілдік тенденциялар тұр­ғысынан зерттесеңіз, жәдид жазуынан жаңа әліпбиге эволюция ұмтылысын бай­қайсыз. Ал осы процесті жетілдірген Ұлт ұста­зы Ахмет Байтұрсынұлы араб жазуының қа­зақ тілі үшін қолайлы емес жақтарын тү­зеп, оны тілдің дыбыстық ерекшеліктеріне сай етіп, сингармониялық ұлттық әліпби жа­сады әрі құзырлы орынның ешбір қаулы-қа­рарынсыз халықтық қолданысқа енгізді. Демек, «жоғарыдан төменге» немесе «төменнен жоғарыға» терминдері – тіл саясатын кім құрастырып, кім түсіндіріп, кім жүзеге асырып жатқанына байланысты са­лыстырмалы ұғымдар. Басқаша айтқанда, тіл саясаты жоғарыдан төменге де, төменнен жоғарыға да болуы мүмкін: ол бір уақытта жо­ғарыдан төмен «жасырын» және төмен-нен жоғарыға «ашық» жүзеге асуы да ық­ти­мал. «Жасырын» мен «ашық» термині тіл сая­са­тын жүзеге асыру құралы мен мақсатына қа­тысты айтылады.

Белгілі АҚШ ғалымы Д.Джон­сон «жасырынды» макродеңгейде әдейі жасырған (алдамшы/көзбояушы) тіл сая­саты немесе микродеңгейде әдейі жа­сырған (диверсиялық) тіл саясаты» десе, «ашық­ты» тіл саясатының мәтіні жазбаша не­месе ауызша түрде көпшілік алдында көр­сетіледі» деп түсіндіреді. Ғалым Е.Тоғжанов тіл саясаты заң­дар­мен, кесімдермен, мемлекеттік бағ­дар­ламалармен бекіп, көрінеу жүргізілуі де, ресми заңнамасыз немесе ресми заңнамаға мән бермей көмескі жүргізілуі де мүмкін еке­нін айтады. Көрінеу тіл саясаты туралы мы­салдар көп, ал көмескі тіл саясаты қата­ры­на АҚШ-тағы ағылшын тілі, КСРО-дағы орыс тіліне қатысты саясатты жат­қызуға бо­лады. АҚШ-та ағылшын тілін ресми тілі деп жариялаған заңнамалық құжат жоқ, бірақ халықтық белгіленбеген ресми тіл. 1990 жыл «КСРО халқының тілі туралы» заңы қа­былданғанға дейін КСРО-да ресми тіл болмады.

Орыс тілі ісқағаздардағы негізгі тіл болды. Пенсильвания университетінің про­фессоры Г. Шиффман «көрінеу» мен «көмескінің» айырмашылығы «ашық» пен «жасырынның» айырмашылығымен бірдей, бел­гілі бір тілдің ресми және бейресми қол­да­нылуын сипаттау», – дейді. Мысалы, мем­ле­кеттік тіл – қазақ тілі, бірақ ресми жина­лыс­тардың көп бөлігі бейресми тілде өтеді. Тель-Авив университетінің профессор Э.Шаухами «жасырын» терминін сахна ар­тын­­дағы, әсіресе (саясаткерлер) белгілі бір ниет­пен әдейі жасырын түрде жүзеге асыра­тын тіл саясатын сипаттау үшін қолданады. Ал Г. Шиффман мұндай сипатты «жасырын» тіл саясаты туралы анықтамасында қос­тай­ды және жасырын тіл саясаты да дивер­сия­лық болуы мүмкін екенін де атап көрсетеді.

Мы­­са­лы, белгілі бір топ немесе құрылымда ашық тіл саясатына жасырын белсенді түрде қар­сы тұрады. Осылайша, жасырын тіл сая­саты жоғарыдан төменге немесе төменнен жо­ғарыға бағытталған саяси процесс немесе ұйымдастырушылық іс-әрекет болуы мүмкін. Бірақ ештеңеге қарамастан, «көрінеу» мен «кө­мескі» дихотомиясын «ашық» пен «жа­сы­рын» дихотомиясынан ажырату пайдалы сияқ­ты. Бұл саясаттың мақсатын ерекшелік ре­тінде пайдалану керектігін айтады, яғни «жа­сырын» түсінігі саяси мақсатын әдейі жасыру коннотациясына ие. Демек, жасырын тіл саясаты дегеніміз: 1) саясаткерлердің мақсаты әдейі жа­сырылған немесе бүркемеленген тіл сая­саты; 2) диверсиялық жоспарлар немесе дивер­сия әрекеттері салдарынан көпшілікке жария етілмейтін тіл саясаты. Тілдік құқық пен тілдік тәжірибеде «заң­ды тіл саясаты» деп ресми түрде жаз­баша түрде жазылған тіл саясатын атай­ды. Ал «нақты тіл саясаты» – мүлдем жоқ не­месе заңға қайшы жасалған жергілікті сая­сат, заңда белгіленген саясатқа сәйкес кел­мейтін жергілікті тілдік тәжірибе. Нақты тіл­дік әрекет нақты тіл саясатының барын (немесе жоғын) білдіреді. Тіл саясатын­дағы тәжірибеге келетін болсақ, Марокконың ресми тілдері араб және бербер тілдері бо­лып табылады. Бірақ әдеттегі тілдік тә­жіри­беде (тілдік білім беруді қоса алғанда) көп­теген марокколық француз тілін қол­данады. «Заңды» ұғымы «ашық» және «кө­рінеу» ұғымдарымен салыстыруға бола­ды, яғни үшеуі де саясаттың «ресми» сипатын көр­сетеді. Алайда тиісінше «нақты» ұғымы «жа­сырын» немесе «көмескі» ұғымдарымен бір­дей мағынаға ие болмауы мүмкін. «Нақты» ұғы­мының тіпті дәстүрлі мағынада да «сая­сат­қа» қатысы екіталай, заңды саясат қалай көр­сетілгеніне қарамастан, ол іс жүзінде не бо­лып жатқанын білдіреді. Бірақ бұл жұп тер­миндер іс жүзіндегі тіл саясатының рес­ми, заңды түрде көрсетілген тіл саясатынан өзгеше екенін көрсетеді.

Берікхан Иісбекұлы, филология ғылымдарының докторы,
Шәкәрім университетінің ректор кеңесшісі

Ұқсас жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар