«WORLDSKILLS KAZAKHSTAN-2023» VIII республикалық чемпионатының бірінші жарыс күні өтті

Облыс оқушылары 29 құзырет бойынша жарыс алаңдарында өз жұмыстарын көрсетті.

Чемпионатқа бірінші күні көрермен ретінде 2500-ден астам адам келді. Қонақтар қатарында астаналық колледж студенттері, мектеп оқушылары, сондай-ақ ТМД елдерінен келген жұмыс берушілер, кәсіпорындар мен демеушілер өкілдері бар.

Естеріңізге сала кетейік, чемпионатқа қатысушылар 30 құзыреттілік бойынша “Үздіктің үздігі” атағы үшін бақ сынайды.

Жарыс жеңімпаздары 2024 жылғы 10-15 қыркүйек аралығында Францияда өтетін халықаралық чемпионатына жолдама алады.

Ұқсас жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар