XVI Президенттік олимпиаданың өңірлік кезеңі өтуде

Бүгін Түркістан қаласы, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің базасында жаратылыстану-математика цикл пәндері бойынша XVI Президенттік олимпиаданың өңірлік кезеңі өтуде.

Олимпиадаға 17 аудандық, қалалық білім беру бөлімдерінен 47, мамандандырылған білім беру ұйымдарынан 22, жалпы 69 оқушы қатысуда.

Олимпиаданың негізгі мақсат — міндеттері: орта білім беру ұйымдарының оқушылары арасында математика, физика, химия және биологиядан дарынды оқушыларды анықтау үшін кәсіптік бағдар мен болашақтағы интеллектуалдық дамуына қолайлы жағдай жасау; жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді оқытуда оқушылардың қызығушылығын арттыру, теориялық білімдері мен дағдыларын тереңдету; тұлғаның өзін-өзі жетілдіруіне және дамытуына жағдай жасау болып табылады.

Ұқсас жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар