XXI ғасырдағы қазақ тілі және бүгінгі мүмкіндіктері

2023 жылғы 11 қазан күні әлем қазақтарының басын қосқан алқалы жиын өз жұмысын бастады. Халықаралық бас қосу аясында қазақ тілінің жаңа форматта дамуы туралы және жаңа тәсілдермен үйренуге арналған мүмкіндіктерді жеткізу, сондай-ақ білім және ғылым саласында мүмкіндіктерді талқылау бағытында ұйымдастырылған «XXI ғасырдағы қазақ тілі және бүгінгі мүмкіндіктері» атты сессияны Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының Бас директоры М.Жұмабай жүргізді.

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғарғы білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы Е.Тілешов әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған қандастарымызға ана тіліміз туралы жан-жақты әңгімелеп берді.

«Отандастар қоры» соңғы екі жыл жүзінде Германияда, Ресейде, Өзбекстанда, Моңғолияда қандастарымызбен кездесулер өткізіп, іргелі мәселелерді талқылауға ұйытқы болды.

Бұл келелі жиын соның Атажұрттағы жалғасы іспетті.

Ұқсас жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар