Ғылыми жобалар байқауы: «А.Байтұрсынов – ұлтымыздың ұлы ұстазы»

Отырар ауданына қарасты Қ.Сәтбаев атындағы жалпы орта мектебінде қазақ тіл білімінің негізін қалаушы, ұлт ұстазы А.Байтұрсыновтың еңбектеріне деген қызығушылығын арттырып, ғылыми көзқарасы мен дүниетанымын қалыптастыру, тіл білімі мен әдебиеттану ғылымын дамыту мақсатында ғылыми жобалар байқауы өткізілді.

Жалпы білім беру ұйымдарының 8-11 сынып оқушылары арасында өткізілген жоба қорғау байқауының 3 номинациясына аудан мектептерінен 50-ден астам оқушы қатысып, жоба жұмыстарын қорғаудан бақ сынады.

Аталған байқауда үміткерлерге қойылған басты талап — ұлт ұстазының бұрын танылмаған жекелеген қырларын, фактілерді, құбылыстарды және жаңалықтарды зерттеу жұмыстарының қыр-сырын ашу. Және де байқауға қатысушылардың таңдап алған жұмыстарының практикалық құндылығы, мазмұны сияқты ерекшеліктері ескерілді.

  1. Маханбет Қасиет, М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебінің 10-сынып оқушысы.
  2. Құралбай Гаухар, Ш.Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназияның 9-сынып оқушысы.
  3. Өтеқұл Қарақат, М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебінің 10-сынып оқушысы.
  4. Есенгелді Ақерке, С.Әшіров атындағы жалпы орта мектебінің 10-сынып оқушысы.

Ұқсас жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар