Қытайда 300-ден астам көне қорым табылды

Қазба орнында 850 түрлі жәдігер табылды. Археологтар Қытайдың шығысында 300-ден астам көне қорым тапты, олардың кейбіреулері біздің дәуірімізге дейінгі V-III ғасырлар кезеңіне жатады, деп хабарлайды silknews.kz сайты Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Қорымдар Қытайдың шығысындағы Шаньдун провинциясында орналасқан Цзинань қаласында археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған. Ғалымдар соғысушы мемлекеттер кезеңінен (б.з.д. 475–221) Цин әулетіне (1644–1911) дейінгі кезеңге жататын барлығы 301 қабір табылды деп отыр.

Қазба орнында табылған 850 түрлі жәдігердің ішінде саз балшықтан жасалған ыдыстар, керамикалық табақтар, мыс теңгелер. Археологтар сондай-ақ екі пеш пен сегіз құдықты да тапқан.

Ұқсас жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар