Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің сейсмикалық стансалар желісі 29 тамыз күні Алматы уақыты бойынша сағат 15:30-да жер сілкінісін тіркеді.
«Зілзала ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 606 км қашықтықта Қытай аумағында болған. Зілзаланың энергетикалық класы 11.0. Магнитудасы 4.9. MPV. Эпицентрінің бағыты 41.31° с.е. 83.79° ш.б. жатыр. Тереңдігі 15 км. Сезілуі туралы ақпарат жоқ», — делінген хабарламада.
Бұған дейін хабарланғандай, қазақстандық сейсмологтар Алматыдан оңтүстікке қарай 426 км қашықтықта Қытай аумағында жер сілкінісін тіркеді. Сондай-ақ, таңертең Қытай аумағында 4.7. MPV магнитудалы зілзала болған еді.