Өз-өзіне қол жұмсаған оқушыға қатысты іс қозғалды

Шымкент қалалық Білім басқармасы өз-өзіне қол жұмсаған қызға қатысты пікір білдірді. Бұл оқиға 22 қаңтарда болған. Мамандардың айтуынша, марқұм қыз мектепте үлгілі оқушы болған.

«22.01.2024 жылы сағат 18:30 да 11-сынып оқушысының үйінде өз-өзіне қол жұмсап, (асылып)  қайтыс болғаны туралы хабарлама келді. Марқұм оқушы қыздың сыныптастарымен қарым-қатынасы жақсы болған. Сабақ үлгерімі қанағаттанарлық. Қайғылы жағдайға байланысты құзырлы орган өкілдері тексеру жұмыстарын жүргізуде»,- дейді Шымкент қаласы білім басқармасының баспасөз қызметі.

Ал аталған жайт Еңбекші аудандық ПБ-да ҚР Қылмыстық Кодексінің 105-бабы «Өзін-өзі өлтіруге итермелеу» бойынша тіркелді.

«Бұл жайтқа қатысты сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде»,- дейді Шымкент қаласы ПД баспасөз қызметі.

Фото: ашық дереккөзден

Ұқсас жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар