Өзбекстан тастан қағаз өндіруге кірісті.
Соңғы кездері Өзбекстан тастан қағаз шығаруды шындап қолға алды. Бұл туралы Upl.uz хабарлайды.
Ақпаратқа сәйкес, тастан қағаз өндіру өндірушілердің шығынын азайтады. Сонымен қатар, өндіріс қағаз импортын азайтады.
Ақпаратта тас қағазды су астында да қолдануға болатыны атап өтілген. Өзбекстанда тас көп екенін ескерсек, бұл идея елдің ішкі нарығын қағазбен толық қамтамасыз етуге септігін тигізеді.
Сурет: ғаламтордан