Өзбекстанның Сурхандарья облысы Ангор ауданында ер адам екі күндік қызын 35 млн сомға сатпақшы болған, деп хабарлайды Silknews.kz Podrobno.uz сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы құқық қорғаушыларға қылмыскердің көршісі хабарлаған.
Оның айтуынша, Ангор ауданында тұратын 54 жастағы ер адам 17 шілдеде туған қызын 35 миллион сумға сатпақшы болған. Ол төрт жылдан бері 29 жастағы әйелмен азаматтық некеде болған.
Қаскүнем 19 шілдеде сағат 21:00-де ұсталды. Оны өз үйінде 1,4 мың доллар және 10 млн сум алып жатқан кезінде ұстаған. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ол 8 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Фото ашық дереккөзден алынды