Өзбекстандық дәрігелер ота арқылы
Фатима және Зухра есімді сиам егіздерін ажыратып алды. Бұл туралы silknews.kz «УзА» агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. Өзбекстанның денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдеуінше, ел медицинасы тарихында алғаш рет өзбек дәрігерлері сиам егіздерін өте сирек операция жасап, ажыратып алған. Ауыр ота республикалық перинаталдық орталық жанындағы неонаталды хирургия оқу-емдік-әдістеме орталығында өткен жылдың желтоқсанында жасалған. Оған осы орталық меңгерушісі, профессор Бахтиёр Эргашев жетекшілік еткен. Операция 3 сағатқа созылған.
«Балалардың бір-бірімен бауыр арқылы қосылғаны дәлелденді. Оларды ажырату кезінде бауырдан және басқа қан тамырларынан қан кетудің алдын алу үшін ультрадыбыстық және аргон скальпельі және Bloodstop деп аталатын заманауи қан тоқтататын материалды қолдандық», — дейді дәрігер.
2022 жылы 31 мамырда Қырғыз Республикасында дүниеге келген сәбилер бұл орталыққа 5 айлық кездерінде жеткізілген. Сирек кездесетін кемемен дүниеге келген сәбилердің жақын туыстар арасындағы некеден, яғни апалы-сіңлілердің балаларынан туғаны белгілі болды.
«Науқастық жүктілік кезінде анықталған. Сәбилер «кесарь» әдісімен салмағы 1 600 грамм болып өмірге келген сәбилерге Фатима және Зухра есімі қойылады. Егіздердің қарын тұсы, дәлірек айтқанда бауыры бірлесе туған. Күрделі отадан кейін олардың жазылуы ұзаққа созылған. Бүгінгі жағдайлары тұрақты. Жақын күндері өз шаңырағына оралады. Дәрігерлер өздерінің біліктілігі, білімі, тәжірибесі және батылдығымен өзбек медицинасының шежіресіне тағы бір үлкен тарихи нәтижені мөрледі», — делінген министрлік хабарламасында.
Операцияға жасаған дәрігерлер «Денсаулық сақтау үздігі» төсбелгісімен және құрмет грамоталарымен марапаттаған.
Сиам егіздері диагнозы 200 мың жағдайда бір рет кездеседі. Мәліметтер бойынша, олардың көпшілігі өлі туады. Тірі туғандардың 5%-дан 25 %-ға дейінгісі ұзақ өмір сүрмейді.