«Үздік кітапханашы-2023» аудандық байқауы өтті

Қазығұрт ауданының білім бөліміне қарасты О.Жандосов атындағы жалпы білім беретін мектеп базасында «Үздік кітапханашы -2023» аудандық байқауы өтті.

Байқау мақсаты — кітапханашылардың шығармашылық әлеуетін және кәсіби шеберлігін дамыту, кітапхананың беделін арттыру, шығармашылықпен жұмыс істейтін кітапханашыларды көтермелеу және ынталандыру.

Байқауға білім бөлімінің бас маманы Ә.Егізек, кітапханашы А.Наримова және білім беру ұйымдарының кітапханашылары мен қазылар алқасы қатысты.

Байқау 2 турдан тұрады. 1 тур — «Креативті кітапханашы» тақырыбымен мамандар өздерінің жаңашыл шығармашылығымен таныстырады.

2 тур — «Кітапхана – оқырман-ата-ана» сабақтастығы жұмысының жүргізілуі.

Байқау қорытындысы бойынша Ш.Қалдаяқов атындағы жббм кітапханашысы Р.Абдуллаева бас жүлдені иеленіп, «Үздік кітапханашы -2023» облыстық байқауына жолдама алды.

I орын — Қ.Өміралиев атындағы жббм кітапханашысы Х.Алимкулова;

II орын — Макаренко атындағы жббм кітапханашысы К.Махатова;

III орын — Т.Рысқұлов атындағы м/л кітапханашысы Л.Демеуова.

Ұқсас жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар