«Үздік педагог» конкурсының 2 кезеңі өтетінін хабарлаймыз!

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің «Үздік педагог» атағын беру қағидаларын бекіту туралы 2015 жылғы 16 қаңтардағы №12 бұйрығы (02.06.2023 ж. №157 бұйрығына сәйкес енгізілген өзгерістермен) негізінде 2023 жылдың тамыз айында Түркістан облысының мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру ұйымдарының педагогтері арасында «Үздік педагог» атаған беру конкурсының 2 кезеңінің өтетінін хабарлайды.

Қағиданың 21 тармағына сәйкес Конкурстың І кезеңінің қорытындылары Конкурс аяқталғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күннен кешіктірілмей аудан, қала (облыстық, республикалық маңызы бар қала) аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады, сондай-ақ Министрліктің ақпараттық жүйесінде орналастырылады.

Ұқсас жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар