Түркістан қаласы, №27 Ө.Жәнібеков атындағы IT мектеп-лицейінің базасында шығармашыл оқушылар арасындағы бүгін «Ақберен» республикалық өнер байқауының облыстық кезеңі өтті. Байқаудың облыстық кезеңіне аудандық, қалалық білім беру бөлімдерінен және мамандандырылған білім беру ұйымдарынан жалпы саны 132 оқушы қатысты.
Байқау мақсаты: 8-11 сыныптың шығармашыл оқушыларының гуманитарлық-эстетикалық ғылымдар саласында кәсіптік қызметін таңдауға шығармашылық қабілетті, өлең жазу, тапқырлық қырын, дарынын таныту (ақындық, шешендік шеберлігі, түрлі ұлттық аспапта ойнау т.б.) қолдау көрсетіп, ары қарай дамытуына жол ашу.
Байқау қатысушылары ережедегі шарт бойынша 6 номинация бойынша бақтарын сынады.
Айтулы өнер додасында оза шауып, Республикалық кезеңге жолдама алған оқушыларымыз:
- Хамза Манзура — Төлеби ауданы, “Шешендік, білгірлік сайысы”;
- Қойшыбай Нұрислам — Созақ ауданы, “Көркемсөз оқу”;
- Құлжанбаева Аяулым — Мақтаарал ауданы, “Эссе жазу”;
- Абликадир Нүркен — Шымкент қаласы, “Ұлттық аспапта өнер көрсету”;
- Қуаныш Аян — Қазығұрт ауданы, “Ақындар айтысы”;
- Балқыбек Абзал — Түлкібас ауданы, “Ақындар мүшәйрасы”.
Оқушыларымызға қорытынды республикалық кезеңде бағы мен бабы қоса шауып, жеңіспен оралуын тілейміз!