“Жаңа оқу жылына дайындық. Жаңа форматтағы тамыз кеңесі” бойынша брифинг өткізілді

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде Түркістан облысының білім басқармасы басшысының міндетін уақытша атшарушы Садықова Ардақ Мәдіханқызы БАҚ өкілдеріне брифинг берді.

Облыс бойынша қазіргі таңда 1000 мектеп қызмет етуде. Оның ішінде 907-мемлекеттік, 93-жекеменшік мектеп. 157 мектеп қала аумағында, 843 мектеп ауыл аумағында орналасқан. Оқушы саны — 514 901.

«Білімді ұлт» сапалы білім беру Ұлттық жобасында облыстағы мемлекеттік негізгі және орта білім беру ұйымдарын жаңа модификацияланған физика, химия, биология, STEAM — пәндік кабинеттерімен қамтамасыз етілуде.

2023 жылы 20 жаңа мектепті пайдалануға беру жоспарлануда.

Жаңа оқу жылына дайындықтың негізгі міндеттерің бірі – білім беру ұйымдарын оқулықтармен қамтамасыз ету. Бұл бағытта Түркістан облысында баспалармен келісім шарт жасалды. Ағымдағы жылы оқулықтардың 20 пайызы жаңарады. 213915 кітап жаңартылады.

Сондай-ақ, брифинг барысында “Мектепке жол” акциясы жалғасып жатқаны хабарланды.

Жиында жаңа форматта өтетін “Тамыз” кеңесі туралы мәлімет айтылды. Биыл 24-25 тамыз аралығында республикалық дәстүрлі “Тамыз кеңесі” өтеді.

«Әділетті Қазақстан: сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт». Дәл осы тақыпты еліміздің бар аймағында бір күнде, бір уақытта ұйымдастырылады.

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі тарапынан Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың тапсырмалары аясында білім саласындағы өзекті 20 тақырыптық бағыт («бір өңір – бір бағыт») бойынша еліміздің әрбір өңірінде республикалық тамыз кеңесін өткізу жоспарланған.Түркістан облысында «Тамыз кеңесінің» негізгі баяндамасы «Ұлттық құндылықтарға негізделген тәрбие: біртұтас тәрбие жұмысының бағдарламасы» тақырыбында болады.

Ұқсас жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар