Жақында Жапонияда балалар өнерінің бүкіләлемдік көрмесі ұйымдастырылды. Аталған көрмеге 59 мемлекеттен жолданған 11 мың 607 шығармашылық жұмыс қойылды. Бұл жұмыстардың тек 520-сы марапатқа лайық деп саналды. Марапат берілген жұмыстардың арасында Төлеби аудандық балалар көркемсурет мектебінің екі оқушысы Мереке Мейрамбек пен Айша Орынбасар салған суреттер де бар.
Көркемсурет мектебінің директоры Мекенбай Исақов 25 қазан – Республика күні қарсаңында аталған көрмені ұйымдастырушылардан келіп жеткен марапатты Мереке мен Айшаға табыс ете отырып, олардың жетекшілері Ботагөз Биболова мен Айман Төлегеноваға алғыс білдірді.