Жас мамандар кәсіби құзіреттіліктерін көтеруде және оқыту барысында тәжірибе алмасты

Бүгін Қазығұрт ауданының білім бөліміне қарасты «Еңбекші» жалпы білім беретін мектебінде “Бүгінгі жас маман — ертеңгі білікті ұстаз” тақырыбында ағылшын тілі пәнінен аудандық оқу әдістемелік семинары өтті. Семинарға аудандық білім бөлімінің әдіскері Г.Құралбаева және аудан мектептерінің жас мамандары қатысты.

Мақсаты: Жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында ағылшын тілі пәні сабағында инновациялық әдіс-тәсілдері тиімді қолдана білу шеберлігін арттыру.

Іс-шара барысында “Мектептегі мұғалім көшбасшылығы-жас ұрпақ болашағының негізін қалайды”, ”The use of information technology in the independent study of a foreign language by students”, «Earth and our planet on it.Word formation-ing/ed Adjectives”, “Ағылшын тілі сабағында сыни тұрғыдан ойлау тәсілдерін тиімді қолдану”, “Ағылшын тілін оқытуда ойын түрлерінің тиімділігі” атты тақырыптарда сабақтар өткізілді.

Семинар соңында жас мамандар кәсіби құзіреттіліктерін көтеруде және оқыту барысында кері байланыс жасап, қарым-қатынас дағдыларын жетілдіруде тәжірибе алмасты.

Ұқсас жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар