Мақтаарал ауданының білім бөліміне қарасты білім беру мекемелерінде ағымдағы жылдың 18-28 қыркүйек аралығында жастар мен жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқықбұзушылықтың, есірткіге бейімділік пен нашақорлықтың, лудомания, оларға ақпараттық-әдістемелік, құқықтық көмектер көрсету, қыздар арасында ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында «Құқықтық сауаттылық – заман талабы», «Қызды қырық үйден тыю» атты тақырыптқа сай мәліметтер беріліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Бүгінгі күні Абылайхан жалпы орта мектебінде кезекті жиын өтті.
Жиынға Мақтаарал ауданының білім бөлімінің әдіскері, Жастар орталығының психологі, Мырзакент ауруханасының мамандары қатысты. Қыз – болашақ ана, шаңырақтың берекесі деп санап, қыз тәрбиесіне, қыз ибасы, қыз әдебі деген мәселелерге жеңіл-желпі, немқұрайлы қарамаған. Осы ретте мамандар, оқушы қыздарға керекті кеңестер бере отырып, оларды келешекте қателіктерге жол бермеуге шақырады.