«Жаз қызығы-көңілді демалыс» жазғы демалыс уақытындағы іс-шаралар жоспарына сәйкес Түркістан облысы білім басқармасы «Облыстық жас туристер станциясы» Төлеби ауданы, Біркөлік шатқалында орналасқан туристік-спорттық лагерінде «Жас құтқарушы» атты мектеп оқушылары арасында облыстық оқу жаттығу слетін ұйымдастырды.
Слетке «Облыстық жас туристер станциясы» КММ-не қарасты қала, аудандық бөлімдердің құрама топтарынан жалпы саны 120 үйірмеші қатыстырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты: Балалар мен жасөспірімдер туризмін дамытып, құтқару жұмыстарының әдіс-тәсілдерін меңгерту. Салауатты өмір салтын насихаттау арқылы оқушыларды азаматтық және патриоттық сезімге тәрбиелеу. Бұл бастамада жас құтқарушылардың туристік ептіліктері мен шеберліктерін артты. Нәтижесінде топтар арасынан үздік туристік топтарды анықталды.
Слет бірнеше кезеңдерден тұрады. Алдымен «Кедергілер жолағы», «Құтқару жұмыстары» туристік жарысы болып, «Жауынгерлік қанат жаю, жауынгерлік киім кию», «Алғашқы көмек көрсету», «Патриоттық ән», «Сурет» байқауы, «Сұрақ-жауап» сайыстарынан бақ сынасты.
«Жаз қызығы – көңілді демалыс» іс-шаралар жоспарына сәйкес қызықты бастамалар әлі де жалғасады!