Жастар лигасында қаржылай сертифкаттармен марапатталды

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен өткізілген «Жастар лигасы» атты робототехника және авиациялық техника байқауында Arduino жиынтығымен машина құрастыру, аrduino жиынтығымен құрастырылған машинаға бағдарлама орнату және аrduino жиынтығымен құрастарылған машинамен кедергілерден өту кезеңдері бойынша бақ сынасты.

Жалпы 14 команда қатысқан байқауда қазылар алқасының шешімі бойынша жеңімпаздар анықталды.

Аталмыш байқауда Сайрам ауданының №20 С.Сейфуллин атындағы мектеп-гимназиясының оқушылары 10 сынып оқушысы Нұрболат Ералыұлы, 8 сынып оқушысы Нұрислам Қыдырбек жүлделі орын иеленіп, 75.000 теңгелік қаржылай сертифкаттармен марапатталды.

Жетекшісі: Информатика пәні мұғалімі Тоқташов Ералы.

Ұқсас жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар