Жастар саны 6 миллионға жетті

Қазақстанда жастар санаты 35 жасқа дейін ұлғайды және осы санаттағы азаматтар саны 6 миллионға дейін көбейді. Таяуда мемлекеттік жастар саясаты туралы заң қабылданды. Заңға сәйкес, жастар санаты 35-ке дейін ұлғайды.

Жаңа ережелер 1 наурыздан бастап күшіне енді. Бұл жастардың үлесін 3,7 миллионнан 6 миллионға дейін өсірді. Елімізде 2023-2027 жылдарға арналған мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасы жобасы әзірленіп, ашық талқылауға ұсынылды.

Жаңа заңда жастардың жасын 29-дан 35-ке дейін ұлғайту ұсынылып отыр.

Сондай-ақ «Жастар туралы» заң қазақстандықтардың мемлекеттік қолдау шараларын алуына және мемлекеттік бағдарламаларға қатысуына мүмкіндік береді. Олар:

Жастардың даму индексі.
Уақытша жұмыссыз жастар (NEET санаттары).
Жас маман.
Жастар еңбек ұжымдары.

Фото ашық дереккөзден

Ұқсас жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар