Жетісай ауданы, «Атамекен» ауылдық округі, Баянды ауылында бүгін су жаңа мектеп ашылды. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Кенжеханұлы Ермек жаңадан бой көтерген білім шаңырағының ашылуымен құттықтай келе, өлкеміздегі жас ұрпақтың жан-жақты білім алуына деген қамқорлықтың арқасында бой көтерген жаңа мектеп білімді де, білікті жас ұрпақтың қанатын қатайтып, ел болашағының іргесін берік етуге үлес қосатынына үлкен сенімін білдірді.
Осынау көркем мектеп ғимаратының тұрғызылуына тікелей басшылық жасап, елдің ерекше қуанышқа кенелген күніне тілек қосып облыс, аудан басшылары арнайы қатысты. Қазақстан Әнұраны орындалып, «Шаттық» би тобы және Құрманбай Данияр «Мен қазақтың баласы» әнін шырқап, өз өнерлерін көрсетті.
Іс-шара барысында 98 жастағы Ілияс ақсақал, Ел игілігіне берілгелі тұрған жаңа мектеп ғимаратына жиналған бүлдіршіндерге ақ батасын беріп, салтанатты шараның лентасын қиды.